Біз туралы
Біздің басты миссиямыз Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту
Біздің Альянс бүкіл ел бойынша 8000-нан астам коммерциялық емес ұйымдарды қамтитын ең ірі республикалық бірлестіктердің бірі болып табылады.
Мақсаттары
- Қазақстандағы ҮЕҰ секторын дамытуға, ҮЕҰ жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруға көмектесу
- Қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы заңдық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету
- Қоғам, бизнес құрылымдары, халықаралық ұйымдар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту
- ҚР-дағы Қоғамдық кеңестердің қызметіне қолдау көрсету
- Қазақстанда тұрақты даму және демократиялық процестерді ілгерілету үшін мүшелер мен серіктестердің күш-жігерін біріктіру
Альянс немен айналысады
Қоғамдық құрылымдардың қызметін біріктіру және үйлестіру.
Қазақстан Азаматтық Альянсына кіретін қоғамдық құрылымдардың қызметін біріктіру және үйлестіру арқылы азаматтық қоғам институттарын дамыту және қоғамның барлық салаларында демократиялық реформалар процесін тереңдету.
Бағдарламалар мен жобаларды әзірлейміз.
ҮЕҰ және азаматтық белсенділердің білімі мен кәсібилігі бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлейміз.
Қоғамның мүдделерін ұсынып және қорғаймыз.
Қоғамның, мүше және серіктес ұйымдардың мүдделерін мемлекеттік билік және басқару органдарында, соттарда, халықаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік емес және басқа да ұйымдарда ұсынып және қорғаймыз.
Халықпен жұмыс істейміз.
Халықпен бірге азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау мәселелері бойынша жұмыс істейміз.
Ұсыныстар әзірлейміз.
Заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, азаматтық қоғам ұйымдарының, кәсіподақтардың және бизнеске қоғамдық қорларды қолдау мәселелерінде экономикалық ынталандыру.
Байланыс ақпараты
Мекен-жай:Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 12/1, «На Водно-зеленом Бульваре»» БО, 12-қабат, 12-02-кабинетТелефон: +7 775 274 22 69
Email: civilalliance20@gmail.com
Жұмыс кестесі:Дс-Жм: 9:00-ден 18:00-ге дейін, Сб-Жс: демалыс