Адал азамат› Жаңалықтар›Қазақстанның Азаматтық альянсы құрылған «Адал …

Қазақстанның Азаматтық альянсы құрылған «Адал азамат – белсенді қоғам» орталығы аясында ҮЕҰ мен белсенді азаматтарға арналған ақпаратты ұсынады:

02.11.2026 Астана қаласы 13
Қазақстанның Азаматтық альянсы құрылған «Адал азамат – белсенді қоғам» орталығы аясында ҮЕҰ мен белсенді азаматтарға арналған ақпаратты ұсынады:

Өңірлерден жаңалықтар

Атырау облысының Индербор кенті мен Махамбет ауылында азаматтық қоғам белсенділеріне арналған «Қоғам дауысы» семинар-тренингтері өтті. Сонымен қатар «Жарқын Жанұя» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 200-ге жуық жас қатысқан «Тамыр» рухани стендап-кеші өткізілді.

Алматы қаласында білім беруді дамытуға, әлеуметтік жобаларды таныстыруға және Tamyr Platform жеңімпаздарын марапаттауға арналған «Tamyr Education Forum 2026» білім беру форумы өтті.

Тараз қаласында балалардың жүрек ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналған, 30-дан астам маман қатысқан «Taraz Pediatric Heart Forum» конференциясы өтті.

Қостанай қаласында Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық альянсы ҮЕҰ өкілдері мен белсенді азаматтарға арналған Ашық есік күнін өткізді.

Астана қаласында Қазақстанның Азаматтық альянсының «ҰСТАНЫМ» дискуссиялық клубының азаматтық қоғамды дамытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған отырысы өтті.

Заңнамалық бастамалар

Қазақстанда қараша айынан бастап бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енеді. 29 қарашада 228 мәслихатқа бес жыл мерзімге 3 447 депутат сайлау жоспарланған. 3 қарашадан бастап «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасының екінші кезеңі басталады. Бағдарламаға қатысуға өтінімдер Отбасы банк арқылы қабылданады.

1 қарашадан бастап төрт ай бойы өтелмеген, мөлшері 45 АЕК-тен асатын салық берешегі бар компанияларға басшыны және заңды мекенжайды ауыстыруға шектеу қойылады. Сондай-ақ шетел азаматтарына арналған QazETA электрондық кіру рұқсаттары жүйесін кезең-кезеңімен енгізу басталады.

Қараша айында салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдері де белгіленген: декларацияларды тапсыру мерзімі — 16 қарашаға дейін, жекелеген салықтарды төлеу мерзімдері — 5, 20 және 25 қараша.

Талдау және статистика

Қазақстанда отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов отбасылардың материалдық жағдайын дәлірек бағалау және әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен екінші деңгейлі банктердің цифрлық жүйелерін 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін интеграциялауды тапсырды.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды мұқтаждық деңгейін ескере отырып тағайындаудың жаңа тетігін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бағалау кезінде кірістер, шығыстар, мүлік, кредиттік міндеттемелер және отбасы құрамы ескеріледі. Банктер шоттар мен депозиттер туралы мәліметтерді тек көмек алушының және оның отбасы мүшелерінің келісімімен ғана ұсына алады.

Бірінші кезеңде өзгерістер жәрдемақының 14 түріне қатысты болады. Әл-ауқат деңгейі жоғары А және В санатындағы отбасылар үшін жекелеген жағдайларды қоспағанда, шектеулер қарастырылған. Отбасының әл-ауқат санаты ай сайын қайта қаралып отырады.

Жаңа тәсіл бюджет қаражатын неғұрлым әділ бөлуге және шынымен мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған. Бұл ретте деректердің анықтығы, бағалау өлшемшарттарының ашықтығы және дербес ақпаратты қорғау ерекше маңызға ие.

Поделиться

Другие новости