Шымкент қаласының өңірлік форумы

18 тамызда Шымкентте «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбындағы Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы аясында ұйымдастырылған Өңірлік форум өтті.
Форумға ҚР мәдениет және ақпарат министрі, Шымкент қаласының әкімі арнайы қатысып, азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңын ашып берді.
Президент тапсырмасы аясында қазіргі таңда, қалада азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қала аумағында 550-ден астам үкіметтік емес ұйымдар тіркеліп, жұмыс жүргізуде. Әкімдік тарапынан ұйымдардың дамуына, олардың қалыптасуына тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді.
Форумда сарапшы спикерлер сөз сөйлеп, биліктің өзара серіктесі, қоғамның қозғаушы күшіне айналған азаматтық қауымдастық өкілдерінің атқарған жұмыстарын талқылады. ҚР мәдениет және ақпарат министрі саланың үздіктерін арнайы марапаттады.