Солтүстік-Қазақстан облысының өңірлік форумы

Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік-Қазақстан облысының өңірлік форумы
🗓 Қыр. 8, 2023, 1:44 Т.Қ. ; Орналасуы
Петропавлда XI Азаматтық форум аясында «Жастарда патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруда мемлекет, қоғам және отбасы ресурстарын біріктіру» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік форумы өтті.
Форумға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі, жас мемлекеттік қызметшілерде құндылықтарды қалыптастыру, заңнаманы жетілдіруге азаматтық қоғамды тарту сияқты мәселелерді көтерді.
Егер жас мемлекеттік қызметшілерде құндылықтардың тиісті жүйесін қалыптастыратын болсақ, онда олар белсенді азаматтық ұстанымға ие бола отырып, бұл құндылықтарды басқа азаматтар мен олардың жас топтары арасында және жалпы халық арасында тарата бастайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының СҚО бойынша филиалының директоры Лаура Қайыржанова өз сөзінде айтты.
Азаматтық форум облыстың азаматтық қоғам институтының дамуына қосқан үлесі үшін азаматтық қоғам өкілдерін марапаттаумен аяқталды.