Қарағанды облысының өңірлік форумы

20 қыркүйекте Қазақстанның XI Азаматтық форумы аясында Қарағанды облысында «Әділетті Қазақстан құру барасында азаматтық қоғам институттарын шоғырландыру» ұранымен Өңірлік Азаматтық форум өтті.
Форумға отандық және шетелдік сарапшылар, республикалық кәсіподақ және діни ұйымдар, Саяси партиялар, ҚХА, «Қоғамдық келісім» РММ, республикалық және өңірлік ҮЕҰ, өңірлік мемлекеттік органдар, БАҚ және тәуелсіз блогерлер қатысты.
Пленарлық отырыстан кейін форум тақырыптық секцияларға – кәсіподақтардың, жастар қоғамдық ұйымдарының, бизнес-құрылымдардың, саяси партиялардың, жергілікті діни және этно бірлестіктердің, басқа да азаматтық институттардың қызметі талқыланатын диалог алаңдарына бөлінді.
Нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстанның Азаматтық форумы атына белгілі бір ұсынымдар мен ұсыныстар банкі жиналды.