Түркістан облысының өңірлік форумы

...

Түркістан облысы

Түркістан облысының өңірлік форумы

🗓 Қаз. 6, 2023, 2:13 Т.Қ. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Түркістан облысының өңірлік форумы

Форум сілтемесі

6 қазанда Қазақстанның XI Азаматтық форумы аясында Түркістан қаласында «Азаматтық сектордың Ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде, отбасылық жəне гендерлік саясаттың принциптері мен тəсілдерін жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында өңірлік форум өткізілді. Көпшілікке әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі ұсынылды. Үздік жобалар таныстырылды.

Түркістан облысының әкімі 40-тан астам үкіметтік емес ұйымдарды біріктірген «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығын 20 жылдығымен құттықтады.

Отырысты «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрағасы Инара Намазбаева өткізді. Түркістан облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жетекшісі полиция подполковнигі Жанар Қалабаева ана мен бала құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Форумның күн тәртібінде отбасылық және гендерлік саясат мәселелері қаралды. Ұсыныстар беріліп, жоспарлар жасалды.

Бейнелер жоқ