Ақтөбе облысының өңірлік форумы

28 қыркүйекте Ақтөбеде облыс әкімінің қатысуымен Қазақстанның XI Азаматтық форумы аясында «Азаматтық сектор мен мемлекеттік органдардың сабақтастығы - өңір дамуының драйвері» тақырыбында Өңірлік Азаматтық форум өткізілді.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесетінін, қоғамдық өмірге белсенді қатысатынын, мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейтінін атап өтті.
Іс-шара барысында форум қарары қабылданды. Облыс әкімі өңіріміздің өркендеуіне және елдің дамуына үлес қосқан бірқатар қоғамдық белсенділерге, сондай - ақ Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті-Қазақстан азаматтық қоғамының көшбасшысы Бану Нұрғазиеваға алғыс хаттар табыс етті.