Маңғыстау облысының өңірлік форумы

1 қазанда Қазақстанның XI Азаматтық форумы аясында Маңғыстау облысының Өңірлік форумы өтті, оның басты тақырыбы Қазақстандық қоғамның рухани және адамгершілік мәдениетінің негізі ретінде халықтық дәстүрлердің рөлі болды.
Форумда филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан, философия ғылымдарының докторы Тамара Асар, Маңғыстау облысының «Сәлем-Намасте»Үнді этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Надежда Водадария және «Бала Арманы» қоғамдық қорының директоры Таңат Жолдыбай сөз сөйледі.
Форум аясында, сонымен қатар, пікірталас алаңдары, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалар көрмесі, шеберлік сыныптары және қолөнершілер жәрмеңкесі өтті.
Маңғыстау аумағында 780 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 120-ға жуық ұйым белсенді жұмыс істейді. Азаматтық қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін жергілікті ҮЕҰ басшылары облыс әкімінің атынан марапатталды