Қызылорда облысының өңірлік форумы
Қазақстанның XI Азаматтық форумы қарсаңында Қызылордада «Азаматтық қоғам және мәдениет: Қазақстанның жаңаруы бағытындағы құндылықтар мен басым бағыттар» Өңірлік форумы өтті.
«Альянстың бастамасымен жыл басынан бері үкіметтік емес ұйымдардың 372 консультациясы, 37 ауқымды іс-шара өткізілді. Ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың форумы өткізілді, қажеттіліктер картасы жасалды. 2020 жылдан бастап ҮЕҰ басшыларының әлеуетін арттыру үшін жүйелі түрде жазғы құқықтық мектеп ұйымдастырылуда», - деді облыс әкімі.
Кездесуді қорытындылай келе, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева өңірде жүзеге асырылып жатқан бастамаларға қолдау білдіріп, әріптестерінің жұмысына табыс тіледі.
Іс-шара соңында түрлі бағыттарда табысты жұмыс істейтін және өңірдің қоғамдық дамуына белсенді қатысатын азаматтар марапатталды.