Павлодар облысының өңірлік форумы

...

Павлодар облысы

Павлодар облысының өңірлік форумы

🗓 Қыр. 6, 2023, 2:47 Т.Қ. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Павлодар облысының өңірлік форумы

Форум сілтемесі

Форумның тақырыбы Павлодар облысының қоршаған ортаға ең жоғары жүктемелердің біріне ие екендігіне сүйене отырып айқындалды, сонымен бірге өңірде қоршаған орта проблемаларын шешуге жұртшылықтың қатысуының жақсы тәжірибесі жинақталды. 
ҮЕҰ мүдделі өкілдерін барынша қамту, өңірлік форумның деңгейін арттыру мақсатында оған ҮЕҰ көшбасшылары, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қоғамдық кеңестердің мүшелері, халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдері, республикалық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысады. 
Талқылауда қазіргі уақытта жұртшылықты толғандыратын үш негізгі мәселеге баса назар аударылады:  
- Климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша жергілікті бағдарламаларды әзірлеу.
- Елді мекендердегі ауа сапасы және халықтың денсаулығы.
- Елді мекендерді көгалдандыру және ел аумағының ормандылығын арттыру.

Бейнелер жоқ