Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік азаматтық форумы

...

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік азаматтық форумы

🗓 Маусым 27, 2025, 8:07 Т.Қ. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік азаматтық форумы

Форум сілтемесі

Бүгін Петропавл қаласында «Уақытпен үндес үн: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік Азаматтық форумы өз жұмысын бастады. Форумның мақсаты – азаматтық қоғамның орнықты дамуына ықпал етіп, ұлттық бірлік пен әділеттілікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы серіктестікті тереңдету. Форум аясында азаматтық қоғамның ұлттық бірегейлік пен әділдікке қосар үлесі талқыланып, үздік ҮЕҰ жобалары таныстырылды. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен ҮЕҰ қызметін реттейтін заңнамаларды жетілдіру жолдары қарастырылып, практикалық тәжірибе алмасу алаңдары мен көшбасшыларға арналған оқыту бағдарламалары ұйымдастырылды. Форум барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өңірлік бастамаларды қолдау және түрлі сала өкілдері арасындағы серіктестікті дамыту жолдары қарастырылды.

Региональный форум Северо-Казахстанской области