Көкшетауда Ақмола облысының Азаматтық форумы өтті.

Ақмола облысы
Көкшетауда Ақмола облысының Азаматтық форумы өтті.
🗓 Маусым 20, 2025, 8:45 Т.Қ. ; Орналасуы
Көкшетау қаласында «Халықтың азаматтық мәдениеті – өңірдегі өмір сапасын арттырудың негізі» тақырыбында Ақмола облысының Азаматтық форумы өтті. Форумның бірінші жартысында бес секциялық отырыс ұйымдастырылып, қатысушылар азаматтық қоғамды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Негізгі назар азаматтық қоғамды дамыту, сондай-ақ ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасына аударылды. Өзге секциялар аясында халықтың құқықтық мәдениеті, оның ішінде экологиялық сана, зорлық-зомбылықтың алдын алу және негізгі құқықтарды қорғау мәселелері қаралды. Жеке секция инклюзия және осал топтардың қоғамдық өмірге қатысуы тақырыбына арналды. Сонымен қатар, азаматтарды тартудың тетігі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару дамуы талқыланды. Цифрлық экономика, жасанды интеллект және креативті индустрия жағдайында ҮЕҰ-ды болашақ мамандықтарға бейімдеу мәселесі де ерекше қызығушылық тудырды. Форум қорытындысы бойынша азаматтық мәдениетті нығайту мен өңірдегі өмір сапасын арттыруға бағытталған резолюция қабылданды.