Шымкент қаласында Өңірлік Азаматтық форумы

Шымкент қаласында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: Азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбымен өңірлік Азаматтық форум ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық сектор арасындағы ашық диалог пен әріптестікті нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Форум барысында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуы, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, қалалық қауымдастықты дамыту және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.
Бағдарламаға панельдік сессиялар, тақырыптық зертханалар, шешімдер таныстырылымдары мен бейресми пікірталастар енді. Қатысушылар Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жаңа тәсілдерін және қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы азаматтардың рөлін талқылады.
Форум тек пікір алмасу алаңы ғана емес, сондай-ақ жаңа идеялар туындаған, серіктестік байланыстар нығайған және Шымкенттің инклюзивті әрі тұрақты болашағына қатысты ортақ көзқарас қалыптасқан кеңістікке айналды.