Жамбыл облысының Өңірлік азаматтық форумы

...

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының Өңірлік азаматтық форумы

🗓 Маусым 11, 2025, 12:16 Т.Қ. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Жамбыл облысының Өңірлік азаматтық форумы

Форум сілтемесі

2025 жылғы 10–11 маусымда Тараз қаласында «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» тақырыбымен Жамбыл облысының өңірлік азаматтық форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Форум азаматтық қоғам өкілдері үшін ұйымдастырылып, диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асырудың екінші кезеңіне арналған ұсыныстарды әзірлеуге бағытталды. Оның басты мақсаты – мемлекет, азаматтық сектор және бизнес арасындағы серіктестікті нығайту, сондай-ақ елдің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосу болды.

Форумның алғашқы күнінде инклюзивтілік пен теңдік, осал топтарды қоғамдық өмірге тарту, ҮЕҰ-дың болашақ мамандықтарға бейімделуі және цифрлық азаматтық белсенділік мәселелері қаралды. Қатысушылар азаматтық бастамаларды дамытуда big data мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын да талқылады.

Екінші күні азаматтық сектордың тұрақты дамуы мен оның мемлекеттік стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы рөліне басымдық берілді. Пленарлық отырыста мемлекеттік органдар және бизнес құрылымдарымен өзара іс-қимылдың жаңа тетіктері айтылды. Сонымен қатар «Кіші қалалар – үлкен мүмкіндіктер» тұжырымдамасы аясында шағын қалаларды дамыту мәселелері талқыланып, бизнес, қорлар, жергілікті әкімдіктер және ресурстық орталықтар бірлескен бастамалардың келешегін айқындап, алдағы ынтымақтастық бағыттарын белгіледі.

Форум азаматтық бастамаларды қолдау саласындағы үздік тәжірибелерді ұсынған алаңға айналды. Қатысушылар гранттық қаржыландыру тетігінің белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, Жамбыл облысы азаматтық бастамаларды тұрақты дамыту құралы ретінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы мемлекеттік емес гранттарды енгізетін алғашқы өңір болатынын жеткізді.

Өңірлік форумдарда әзірленген барлық ұсыныстар қазан айында өтетін Республикалық азаматтық форумда қарастырылатын болады.

Бейнелер жоқ