Түркістан облысының Өңірлік Азаматтық форумы

Түркістан облысы
Түркістан облысының Өңірлік Азаматтық форумы
🗓 Там. 8, 2025, 12:26 Т.Қ. ; Орналасуы
Бүгін Түркістан қаласында «Әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік: Азаматтық қоғамның қозғаушы күші» тақырыбымен XII Азаматтық форумның алғашқы күні өтті. Форум Түркістан облысының азаматтық қоғам өкілдерін біріктіріп, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, қоғамдық белсенділікті күшейтуге және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге бағытталды.
Күннің екінші жартысында форум аясында панельдік сессиялар ұйымдастырылып, қатысушылар Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезеңінің нәтижелерін талқылап, оны одан әрі жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар әзірледі. Сондай-ақ «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң жобалары жан-жақты қаралды.
Форумда азаматтық жауапкершілікті арттыру мен құқықтық сауаттылықты дамыту мәселелері де қозғалды. Қатысушылар үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасып, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында азаматтық жауапкершіліктің экономикалық өсімге әсерін талқылады.