Павлодар облысының өңірлік Азаматтық форумы

2025 жылғы 21 тамызда Павлодар қаласында «Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі» тақырыбымен Павлодар облысының өңірлік Азаматтық форумы өтті. Форум мемлекеттік билік органдары, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы, белсенділер мен жастар арасындағы диалогтың маңызды алаңына айналды.
Талқылаулардың негізгі өзегінде әділетті қоғамның негізі ретінде азаматтың рөлі, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін жетілдіру мәселелері тұрды.
Форум жұмысына облыс басшылығы, азаматтық қоғамның ұлттық институттарының өкілдері, өңірлік үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтар қатысты. Бағдарламаға пікірталас секциялары, қорытындыларды шығару және «ашық микрофон» форматындағы еркін диалог енді.
Региональный Гражданский форум Павлодарской области