Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық форумы

...

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық форумы

🗓 Там. 27, 2025, 11 Т.Ж. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық форумы

Форум сілтемесі

Бүгін Өскемен қаласында «Қоғамдық кеңестер: азаматтардың өңірдегі проблемалық мәселелерді шешуге қатысуының тиімді институты» атты Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық форумы өтіп жатыр. Таңғы сессияларда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі мәселелері қаралды: ҮЕҰ туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобалары талқыланып, Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылып, екінші кезеңіне арналған ұсынымдар әзірленді. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестердің қоғамдық бақылауды күшейтудегі және азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тартудағы рөліне, сондай-ақ гранттық жобаларды жүзеге асырудың, волонтерлік бастамалардың және экологиялық бағдарламалардың табысты тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.

Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, Қоғамдық кеңестердің және өңірдің сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Форум өз жұмысын жалғастыруда, түстен кейінгі сессияларда азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайту және Қоғамдық кеңестердің қоғамдық өзгерістердің негізгі драйвері ретіндегі рөлі талқыланатын болады.

Гражданский форум Восточно-Казахстанской области