Қарағанды облысының Азаматтық форумы
Бүгін Қарағанды облысында «Азаматтық бастамаларды қолдау мен дамытудың заманауи форматтары» тақырыбында Азаматтық форум өтіп жатыр. Форумның бірінші бөлімінде пленарлық отырыс өтті. Онда облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті және Қарағанды облыстық Азаматтық альянсының төрағасы құттықтау сөз сөйледі.
Форумның алғашқы бөлігі мазмұнды әрі нәтижелі жағдайда өтіп, мемлекет, ҮЕҰ, сарапшылық қауымдастық пен жастар өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Жұмыс күннің екінші жартысында секциялық отырыстарда жалғасып, онда цифрландыру, үкіметтік емес ұйымдардың дамуы, жастардың рөлі және кәсіподақтармен әріптестік мәселелері талқыланатын болады.
Гражданский форум Карагандинской области