Маңғыстау облысының Азаматтық форумы
Бүгін Ақтау қаласында «Заң және тәртіп – қоғам тұтастығының негізі: Құқықтық ағартудағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбына арналған Азаматтық форум өтті. Іс-шара азаматтық қоғамды дамыту, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Форум жұмысына Маңғыстау облысының әкімі қатысып, халықтың құқықтық санасын қалыптастыруда билік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Бағдарлама аясында құқықтық сауаттылықты арттыру мен азаматтардың құқықтарын қорғау жолдары қарастырылған тақырыптық пікірталас сессиялары өтті.
Форум қорытындысы бойынша құқықтық мәдениетті дамыту мен қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Гражданский форум Мангистауской области