Алматы қаласының өңірлік форумы

23 маусымда ХІ Азаматтық форумы аясында «Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асыру: заманауи сын-тегеуріндер мен оларды азаматтық қоғаммен шешу мүмкіндіктері» тақырыбында Алматы қаласының ХІІІ Жергілікті форумы өтті.
Іс-шараға «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ үйлестірушісі А.Заманбекова және мемлекеттің, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің 300-ден астам өкілі қатысты.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Азаматтық бастамаларды қаржыландыруға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат бөлінді - 5,5 млрд.теңге.
Форум қорытындысы бойынша ТДМ контекстіндегі экономикалық және әлеуметтік, құқықтық тұрақтылықтағы прогресс үшін тиімді шешімдер мен ұсынымдар әзірленді.