Батыс-Қазақстан облысының өңірлік форумы

...

Батыс Қазақстан облысы

Батыс-Қазақстан облысының өңірлік форумы

🗓 Шілде 14, 2023, 9 Т.Ж. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Батыс-Қазақстан облысының өңірлік форумы

Форум сілтемесі

14 шілдеде Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы аясында «Инклюзивті мемлекеттік саясат: азаматтық қоғамның үлесі» тақырыбындағы Батыс Қазақстан облысының ХІ Жергілікті форумы өтті.

Өңірлік форум жұмысына республикалық, облыстық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, саяси партиялар, діни бірлестіктер мен бизнес өкілдері, әртүрлі деңгейдегі депутаттар, жалпы 100-ге жуық адам қатысты.

Форумның Пленарлық сессиясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Перизат Сәдуақас, Қазақстанның Азаматтық Альянсы Президенті Бану Нұрғазиева және т.б сөз сөйледі.

Форум аясында пікірталас алаңдары, табысты әлеуметтік жобалардың көрмесі мен 3 панельдік сессияның отырыстары ұйымдастырылды.
 

Бейнелер жоқ