Қостанай облысының өңірлік форумы

11 тамызда Қостанайда халықаралық іс-шара мәртебесінде алғаш рет Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы аясында ұйымдастырылған Жергілікті форум өтті. Форумның негізгі бағдарламасы аймақтық аспектке баса назар аудара отырып, Халықаралық серіктестік тақырыбына арналды.
Жергілікті форум Бельгия, Ұлыбритания, Нидерланды дипломатиялық корпустарының екі жүзге жуық өкілдерін, Грузия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Франция және Украина коммерциялық емес ұйымдарының, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдерін жинады. Форум жұмысына ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі қатысты.
ҮЕҰ өкілдері пікір алмасуға мүмкіндік алды, одан әрі бірлескен қызмет үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді.