Алматы облысының өңірлік форумы

Мемлекет пен ҮЕҰ-ның ауылдық аумақтарды дамытудағы әріптестігі, ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту-17 тамызда Алматы облысында өткен Өңірлік форумының басты міндеттері. Іс-шара Қазақстанның XI Азаматтық форумы аясында өтті.
Форум Еңбекшіқазақ ауданындағы жергілікті қоғамдастықтар Қорының агробизнес-орталығына барудан басталды, ол ауыл тұрғындары үшін бизнес-жоспарлау, көкөніс өсіру, бухгалтерлік есеп негіздері бойынша оқыту іс-шараларын жүргізу үшін құрылған.
Форумға қатысушылардың сөз сөйлеуінен басқа бірқатар жергілікті іс-шаралар өтті:
- серіктестердің презентациялары;
- пікірталас алаңдары;
- табысты әлеуметтік жобалар көрмесі;
- ықтимал серіктестік келісімдер және басқалар.
Сөз сөйлеу және пікір алмасу қорытындысы бойынша форумға қатысушылар жергілікті атқарушы органдар үшін ұсыныстар қабылдады.