Форум тақырыбы
Жергілікті өзін-өзі басқарудың даму мәселелері мен келешегі
Бүгін Ұлытау облысының «Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Азаматтық форум өтті. Форумның басты мақсаты азаматтық сектордың әлеуетін арттыру, үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын талқылау және мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы әріптестікті нығайту болды.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі, Конституциялық Соттың талдаушысы, Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті, сондай-ақ «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Форум барысында фандрайзингтегі цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы үшін дәстүрлі және инновациялық үлгілерді қолдану жолдары талқыланды. Қатысушылар өңірлік әлеуметтік бастамаларды дамыту, заманауи фандрайзинг тетіктерін пайдалану және тәжірибе алмасу мәселелерінде пікір алмасып, азаматтық қоғамның даму бағыттарын айқындады.