...

Алматы облысы

Алматы облысының Азаматтық форумы

🗓 Қыр. 18, 2025, 11:51 Т.Ж. ; Орналасуы

Форум тақырыбы

Жергілікті өзін-өзі басқарудың даму мәселелері мен келешегі

Бүгін Қонаев қаласында «Жергілікті ҮЕҰ-дың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы» тақырыбындағы Алматы облысының Азаматтық форумы өтті.

Күн тәртібінде азаматтық қоғамның мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуын кеңейту, қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру, жастар мен әйелдердің шешім қабылдау процесіне араласуын арттыру, ауылдық өңірлердегі әлеуметтік бастамаларды дамыту және ашық үкімет қағидаттарын ілгерілету мәселелері талқыланды.

Пленарлық отырыс барысында азаматтық қоғам инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайту, гранттық қолдау мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жүйесін жетілдіру, волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамыту жолдары сөз болды.