Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізеді

Қыр. 25, 2025 | Қаралымдар: 10330

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 29 қыркүйек күні үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізеді.

2025 жылғы 16–17 қазанда Астанада өтетін XII Азаматтық форум қарсаңында орталық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жалғасуда.

Кездесу барысында ғылымды дамыту, жоғары білім беру саласындағы реформалар, жастар бастамаларын қолдау, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады.

🔗 Онлайн қатысуға тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/6qguCh7YqaWUnDaX8 
❗Тіркеу кездесулерге дейін екі күн бұрын аяқталады.