Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының «ҮЕҰ-ны тіркеудің құқықтық аспектілері: мәртебе және қызмет аумағы мәселелері» тақырыбындағы ұсыныстары

Мамыр 29, 2025 | Қаралымдар: 192

...

2025 жылғы 29 мамырда Қазақстанның Азаматтық Альянсы жанындағы «ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубының «ҮЕҰ-ны тіркеудің құқықтық аспектілері: мәртебе және қызмет аумағы мәселелері» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар келесі ұсыныстарды әзірледі:

1️⃣ ҚР Әділет министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және ХҚКО өкілдерін қамтитын ведомствоаралық жұмыс тобын құру.

2️⃣ ҮЕҰ туралы заңнаманы жетілдіру:
– «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға аумақтық қамту қағидаларын нақтылау;
– мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттар туралы заңға – конкурстарға қатысуды заңды мәртебеге байланыстыру нормасын енгізу;
– тіркеу ережелеріне чек-парақтар, үлгілік құжаттар енгізу.

3️⃣ ҮЕҰ-ны қызмет мақсаттары бойынша жіктеу (ЭҚЖЖ/ОКЭД үлгісі).

4️⃣ ҮЕҰ-ның жарғылары мен мәртебелері көрсетілген ашық реестр әзірлеу.

5️⃣ eGov арқылы жарғыларды заңнамаға сәйкестікке онлайн салыстыру модулін енгізу.

6️⃣ Азаматтық қоғамды дамыту орталығы арқылы бүкіл ел бойынша әдістемелік-консультациялық ақпараттық науқан өткізу.

7️⃣ ҚР Әділет министрлігіне Қазақстанның Азаматтық Альянсының қатысуымен түсіндірмелері бар үлгілік жарғы әзірлеу.

8️⃣ 1–2 өңірде ҮЕҰ жарғыларына жаппай құқықтық аудит жүргізу бойынша пилоттық гранттық жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыру.