Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Конституция және құндылықтар: азаматтық келісімнің негіздері» тақырыбындағы «ҰСТАНЫМ» пікірталас клубының ұсынымдары.
28 тамыз 2025 жылы Қазақстанның Азаматтық Альянсы жанындағы «ҰСТАНЫМ/ПОЗИЦИЯ» ұлттық пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Тақырыбы: «Конституция және құндылықтар: азаматтық келісімнің негіздері».
Отырыста конституциялық нормалардың және жалпы қабылданған құндылықтардың қоғамдағы бірлікті нығайтудағы, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Қорытынды бойынша негізгі ұсынымдар:
1. Конституциялық нормаларды қоғамға кеңінен таныстыруды күшейту.
2. Азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті дамыту.
3. Жалпы қабылданған құндылықтарды білім беру және ақпараттық науқандар арқылы насихаттау.
4. Қоғамдық диалог және келісім механизмдерін нығайту.
5. Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы серіктестікті кеңейту.