Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Қоғамдық кеңестер – қоғамдық диалог пен серіктестіктің құралы» тақырыбындағы «ҰСТАНЫМ» пікірталас клубының ұсынымдары
28 қараша 2025 жылы Қазақстанның Азаматтық Альянсы жанындағы «ҰСТАНЫМ/ПОЗИЦИЯ» ұлттық пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Тақырыбы: «Қоғамдық кеңестер – қоғамдық диалог пен серіктестіктің құралы».
Қатысушылар қоғамдық кеңестердің азаматтардың мемлекеттік басқару және шешім қабылдау процестеріне қатысуындағы рөлі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттырудағы маңызын талқылады.
Негізгі ұсынымдар:
Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер мүшелері үшін KazKenes сайтында коммуникациялық портал құру.
Қоғамдық кеңестердің қызметін цифрландыру.
Қоғамдық кеңестер жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру.
Азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту.