Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Жастар және мемлекет: жаңа қатысу мәдениеті» тақырыбында өткен «ҰСТАНЫМ» пікірталас клубының ұсынымдары
30 қазан 2025 жылы «ҰСТАНЫМ» дискуссиялық клубында «Жастар және мемлекет: жаңа қатысу мәдениеті» тақырыбында кездесу өтті.
Жастардың мемлекеттік шешім қабылдауға қатысуын арттыру, жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті дамыту, цифрлық құралдарды пайдалану және жаңа форматтағы қатысу механизмдерін құру мәселелері талқыланды. Кездесуде келесі ұсыныстар айтылды:
Мемлекет пен жастар арасындағы тұрақты диалогты дамыту
Цифрлық қатысу құралдарын күшейту
Көшбасшылық дағдылар мен тәлімгерлікті қолдау
Жастар қауымдастықтарының желісін нығайту
Жауапкершілік пен қатысу мәдениетін қалыптастыру