Жамбыл облысы үкіметтік емес сектордың жұмысын реттейтін заңнамадағы ауқымды өзгерістерді талқылау алаңына айналды. Негізгі мақсат — мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін ашық әрі тиімді ету.
Негізгі мәселелер:
-
ҮЕҰ қызметі мәселелері бойынша заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау.
-
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты (МӘТ) реформалау және гранттарға сараланған тәсілді енгізу.
-
Өңірлік ҮЕҰ мүдделерін қорғау және бәсекелестік ортаны дамыту.
Талқылауға мемлекеттік органдардың басшылары, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, ҮЕҰ, бизнес-сектордың өкілдері мен сарапшылар қатысуда.
Хаттамаға сілтеме