Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Конституциялық өзгерістер: студенттердің, жастардың, волонтерлердің, ҮЕҰ көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел
Бүгін Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «Конституциялық өзгерістер: студенттердің, жастардың, волонтерлердің, ҮЕҰ көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум аясындағы конституциялық өзгерістер кеңінен талқыланды.
Кездесудің мақсаты – жастар, студенттер, волонтерлер және ҮЕҰ өкілдерінің пікірін тыңдап, азаматтық белсенділікті арттыру және ұсыныстар қалыптастыру. Шара барысында сарапшылар әлеуметтік жауапкершілік, жастар ұйымдарының қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы, экологиялық тұрақтылық, құқықтық мәдениет және жастар бастамаларын қолдау тетіктері жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ өңірлік жастар саясаты мен азаматтық бастамаларды дамыту мәселелері көтерілді.
Қорытындысында қатысушылар конституциялық реформалар аясында жастардың рөлін институционалдық тұрғыдан күшейту, мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамдық құрылымдардағы өкілдігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар референдум қарсаңында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу және Конституция жобасы туралы ақпараттандыруды күшейту ұсынылды.