Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Адибай Айдана Бауыржанқызы — жастар, жауапкершілік және реформалар

Ақп. 20, 2026 | Қаралымдар: 880

Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Адибай Айдана Бауыржанқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Академиялық Старосталар кеңесінің төрағасы, жастардың конституциялық реформаларға қатысуы мен олардың рөлін атап өтті.

Спикер өз сөзінде:
«Бүгінгі реформалар жастарды қолдаумен қатар, олардан жауапты позиция күтеді.
Біріншіден белсенділік. Мемлекет жастарды шешім қабылдау процесіне тартып отыр. Демек, реформа жастардан үнсіз қалмауды, қоғамдық талқылауларға қатысуды, өз пікірін ашық айтуды күтеді.
Екіншіден – жауапкершілік. Берілген мүмкіндік тек құқық емес, міндет. Жастардан заңға құрмет, еңбекке адалдық, ел тағдырына немқұрайлы қарамау талап етіледі.
Үшіншіден – білім мен кәсібилік. Қазіргі реформа кезеңінде мемлекет жастардан тек диплом емес, нақты дағды, бәсекеге қабілеттілік, үздіксіз даму мәдениетін күтеді.
Төртіншіден – бастама мен жаңашылдық. Жастар реформаның орындаушысы ғана емес, оның идея көзі болуы тиіс. Әлеуметтік жобалар, кәсіпкерлік, инновация – реформаның қозғаушы күші.
Бесіншіден – бірлік пен азаматтық ұстаным. Жастар қоғамды бөлмей, біріктіретін күш болуы керек. Ұлттық құндылық пен заманауи ойды қатар ұстану – басты талап.
Жастар қауымы осы процесте конструктивті серіктес болуға дайын.
Біз бастама көтеруге де, жүзеге асыруға да, жауапкершілік алуға да дайынбыз», — деп атап өтті.