Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Ирешова Махабат Сансызбайқызы: жастар мәселесі – елдің стратегиялық бағыты
Астана қаласында Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында Ирешова Махабат Сансызбайқызы, Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, конституциялық өзгерістер мен жастардың рөлі туралы өз пікірін білдірді.
Спикер өз сөзінде:
«Қолданыстағы Конституцияда жастар мәселелері мен адами капиталды дамыту жалпы әлеуметтік нормалар аясында қарастырылып, білім алу құқығы мен әлеуметтік кепілдіктермен шектеледі. Білім мен ғылым маңызды сала ретінде танылғанымен, олар мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде нақты айқындалмаған.
Жаңа Конституция жобасында адам капиталы, білім, ғылым және инновация мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде тікелей бекітіледі. Бұл жастарды ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде танудың айқын көрінісі болып табылады», — деп атап өтті.