Астана қаласы

Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту

Қаң. 16, 2026 | Қаралымдар: 153

2026 жылы «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында ауылдық бастамаларды қолдауға бағытталған онлайн-кеңес беру орталығы өз жұмысын жалғастыруда.

Кеңес беру орталығы ауылдық өңірлерде іске асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар жобаларға кәсіби құқықтық және бухгалтерлік қолдау көрсетеді. Бұл қолдау бастамалардың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ ауылдық үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтардың әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Кеңесшілермен +7 778 495 7305 телефоны арқылы байланысуға болады (нөмір WhatsApp мессенджерінде де қолжетімді).