Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
2026 жыл — Халықаралық волонтерлер жылы
Мемлекет басшысының бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму жолындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл жыл волонтерлік қызметтің қоғамдағы маңызын ерекше атап өтуге, адамдарды бір-біріне көмектесуге ынталандыруға арналған.
Қазақстан волонтерлік бастамаларды қолдай отырып, ТМД елдері үшін дәстүрлі Волонтерлер форумын өткізу идеясын көтерді. Осы мақсатта 30 қаңтарда Астанада Халықаралық волонтерлер жылының ресми ашылуына арналған Форум өтеді.