Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту
«Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында грант иегерлері мен олардың нәтижелерімен таныстыруды жалғастырамыз. Қостанай облысындағы «ДИС» еріктілер орталығы» ЖҚБ Сарыкөл ауданы жастарына арналған «Жас блогерлер мектебі» жобасын жүзеге асырды.
Жоба медиасауаттылықты, құқықтық мәдениетті және цифрлық контент жасау дағдыларын дамытуға бағытталды. Оқыту мектебі ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерді жүргізу мен интернеттегі қауіпсіздік бойынша практикалық сабақтар және туған өлке туралы бейнероликтер байқауы өтті.
Нәтижесінде қатысушылар медиакеңістікте жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеріп, өздерінің бейнежобаларын дайындады және қоғамдық өмірге белсендірек араласа бастады. Жоба аясында 42 қатысушы оқытылып, 2 спикер тартылды. Жоба шағын гранттардың жергілікті жерлерде жастар бастамаларын қолдаудың тиімді құралы екенін көрсетті.