Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Ауылдық азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында біз грант иегерлері мен олардың қызметінің нәтижелері туралы баяндауды жалғастырамыз.

Ақп. 2, 2026 | Қаралымдар: 138

Жарқын мысалдардың бірі – «Подари Земле сад» жеке қоры жүзеге асырып жатқан «Туған жерді гүлдендірейік!» жобасы. Жоба отырғызу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге және туған өлкені көгалдандыруға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Іс-шаралар Павлодар облысының Орловка ауылы, Атамекен кенті және Ақсу ауданы аумағында өтті.

🔹Орловка ауылында 500 қарағай көшеті қазылып алынып, жеткізіліп, отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстарына 20 адам қатысты.
🔹Атамекен кентінде қосымша 250 қарағай көшеті отырғызылып, бастамаға 50 қатысушы атсалысты.
🔹Ақсу ауданында 250 көшет жеткізілді: оның 60-ын балалар отырғызды, ал қалған көшеттер ауданның мектептері мен балабақшаларына таратылды.

Сонымен қатар жас қатысушылар үшін экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарына арналған «Жердің болашағы сенің қолыңда» атты семинар өткізілді. Семинарға 24 ересек пен 60 бала қатысты.