Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Бір ауыл – бір бағыт» гранттық жобасы аясында «Тамшыбұлақ» ҚҚ (Ақсу ауданы, Қапал ауылы) балалар мен жастар бастамаларын дамытуға, бос уақытын ұйымдастыруға және мектеп оқушылары арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізді.

Ақп. 4, 2026 | Қаралымдар: 281

Жоба аясында Қапал колледжінде ауыл клубы ашылып, балаларға спорт, шахмат, домбыра, театр, қолөнер, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бағыттары бойынша тегін үйірмелер ұйымдастырылды. Үйірмелерге 145 бала қатысты.

Рухани және адамгершілік тәрбиеге ерекше көңіл бөлініп, қуыршақ театр үйірмесі арқылы 16 бала 15 сценарий дайындады, оның 10-ы бейнеге жазылды.

Ауыл мен колледж оқушылары арасында волейбол турнирі өткізілді (7 команда, 207 қатысушы), жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.

«Бұрымды қыз-2025» байқауы ұйымдастырылып, 12 қыз, 26 ұйымдастырушы, жалпы 168 адам қатысты. Байқаудың мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту, эстетикалық талғам қалыптастыру және ұлттық сана сезімін арттыру.

Ата-аналар мен білім беру ұйымдары қатысқан кездесу өткізілді, онда клубтың жұмыс ережелері таныстырылып, қыз балалармен жүргізілетін жұмыстар жоспарланды.

Жобаның нәтижелерін бекіту және әрі қарай дамыту үшін мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастықтар, белсенділер және серіктестер қатысқан қорытыңды жиналыс өткізілді (28 қатысушы).

Колледж оқушылары арасында «Әдепті қыз – әр үйдің гүлі» атты тренинг ұйымдастырылып, 40 қыз және 4 мұғалім, жалпы 44 адам қатысты. Тренингтің мақсаты – әдептілік, өзін-өзі құрметтеу, сенімді тұлға қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді таныстыру.