Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Бірыңғай грант операторының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында волонтерлердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған онлайн-тренинг басталады.
Бағдарламаның мақсаты – волонтерлік қызметті жүйелі әрі жауапкершілікпен атқаруға қажетті тұрақты құзыреттерді қалыптастыру.
Қатысушылар волонтерліктің негіздерімен және этикалық қағидаларымен танысады.