Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында біз грант иегерлері мен олардың жұмысының нәтижелері туралы баяндауды жалғастырамыз.
Жарқын мысалдардың бірі — Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында жүзеге асырылған «Отбасы» ұлттық құндылықтар орталығы жобасы. Жобаның мақсаты — отбасылық және ұрпақаралық байланыстарды нығайту, ұлттық мәдени кодты сақтау, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және жастардың рухани-адамгершілік әрі патриоттық тәрбиесін күшейту.
Жобаны іске асыру барысында мектеп оқушылары, студенттер, жас отбасылар, аға буын өкілдері және аудан тұрғындарының қатысуымен семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен тақырыптық кездесулер өткізілді.
Жобаның жалпы қамтуы 1500-ден астам адамды құрады. Оны жүзеге асыру отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақаралық байланыстарды дамытуға, жергілікті қауымдастықтың топтасуына және жастардың отбасыға, мәдениетке және қоғамның болашағына саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.