Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы конституциялық реформаларға қоғамдық қатысу тетіктерін талқылады

Ақп. 13, 2026 | Қаралымдар: 746

Бүгін «Ұстаным» Ұлттық пікірталас клубының кезекті отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Отырысқа Парламент депутаттары, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, ҮЕҰ басшылары мен азаматтық альянстар жетекшілері қатысты.

Қатысушылар конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын, оларды іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін және саяси-құқықтық жаңғыру үдерісіне қоғамдық қатысудың тиімді тетіктерін қарастырды.

Отырыс аясында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілі Бану Нұрғазиева сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы заманауи сын-қатерлерге жауап беретін, ел дамуының стратегиялық бағытына сай Мықты әрі Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік құқықтық негізіне айналатынын атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың қатысуын кеңейту және заң шығару үдерісінің ашықтығын арттыру мәселелері қозғалды.