Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Астанада «Мама Про» әлеуметтік осал топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қорының «Мама Про-пен мүмкіндіктерді ашамыз» атты форумы өтті.
2026 жылғы 18 ақпанда Астана қаласында «Мама Про» әлеуметтік әлсіз әйелдерді қолдау және дамыту қоғамдық қорының «Мама Про»-мен бірге мүмкіндіктерді ашамыз» форумы өтті.
Форум ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған акселерациялық бағдарламаның қорытынды іс-шарасы болды.
2025–2026 жылдары бағдарлама қатысушылары келесі негізгі бағыттар бойынша білім алды: бизнесте жасанды интеллектіні енгізу, қаржылық модельдеу, жобаларды басқару және масштабтау. Бағдарлама аясында практикалық жұмысқа ерекше мән берілді — қатысушылар тренерлермен және коучтармен жұмыс істеп, өз жобаларын дамыту стратегияларын әзірледі.
Бағдарлама қорытындысы бойынша:
• 32 адам жұмыспен қамтылды;
• жобалардың жиынтық табысы 40%-ға өсті;
• 15 жоба жаңа нарықтарға шықты;
• қатысушылардың 60%-ы өзіне деген сенімділігі мен даму мотивациясының артқанын атап өтті.