Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында біз шағын гранттардың нәтижелері туралы баяндауды жалғастырамыз.
«Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос уақыт орталығын инклюзивті спорт түрлері арқылы кеңейтуге бағытталған жобаны жүзеге асырды.
Жоба аясында дартс, бильярд, ядро итеру және бочча ойындары бойынша тұрақты сабақтардың кестесі әзірленіп, олар барлық ниет білдірушілер үшін ашық болды. Бескөл ауылындағы бос уақыт орталығында жаттығулар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оған инклюзивті қоғамдастықтың 50-ден астам өкілі қатысты.
Тұрақты түрде өткізілген сабақтар қатысушылардың физикалық жағдайының жақсаруына, күш-қуаты мен төзімділігінің, қозғалыс белсенділігінің артуына, сондай-ақ өзіне деген сенімділігі мен өзін-өзі бағалауының жоғарылауына ықпал етті.
Жобаның тұрақты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұл Бескөл ауылындағы бос уақыт орталығында инклюзивті спорттық сабақтарды тұрақты түрде өткізуге мүмкіндік беріп, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік оқшаулануын және кемсітушілігін азайтуға ықпал етеді.