Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Сіздерді «Ауылдық ҮЕҰ: идеядан тұрақтылыққа дейін» атты онлайн-вебинарлар сериясына қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер, ауылдық ҮЕҰ өкілдері!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында өтетін «Ауылдық ҮЕҰ: идеядан тұрақтылыққа дейін» атты онлайн-вебинарлар сериясына қатысуға шақырамыз.
📍 Форматы: онлайн
🎓 Қатысушыларға курстан өткендігі туралы сертификаттар беріледі
Оқытудың мақсаты: ауылдық ҮЕҰ-дың институционалдық және жобалық әлеуетін арттыру арқылы олардың жергілікті қауымдастықтардағы тұрақты әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету.
✅ Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/n4X2BwJ4SdvTQtJS9