Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Бүгін Ақмола облысы, Целиноград ауданында «Целиноград ауданы жастарымен ашық диалог алаңы: Конституциялық реформа және азаматтық ұстаным» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ жастардың қоғам өміріне қатысуын арттыру.
Кездесудің модераторы – Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Целиноград аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ирешева Махабат Сансызбайқызы.
Іс-шара барысында Целиноград ауданының «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Салтанат Жандосқызы Курманиязова және Ақмол ауылының мектеп директоры Нурсулу Асемханқызы Атыгаева сөз сөйлеп, жастармен пікір алмасты.
Бағдарлама аясында «Жастардың азаматтық ұстанымы: құқық, жауапкершілік және бастама» тақырыбында панельдік пікірталас ұйымдастырылып, жастар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, еркін микрофон форматында қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.