Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай азаматтық сектордың Әділетті Қазақстанды құрудағы рөліне арналған іс-шара өтті.
Кездесуге ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, депутаттар, сарапшылар, медиа және қоғам белсенділері қатысып, азаматтық қоғамды дамыту, мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Іс-шарада табысты әлеуметтік жобалар таныстырылып, қоғам әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар ұсынылды.