Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Жаңа Конституция бойынша референдум: қазақстандықтар дауыс беру құқығын жүзеге асыруға шақырылды
Референдум жөніндегі Орталық комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров қазақстандықтарға республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың кепілі – олардың референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілуі екенін еске салды.
— Тізімдер жергілікті атқарушы органдар тарапынан сіздің тұрақты тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз негізінде, нақты дауыс беру учаскесінің аумағына сәйкес жасалады. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге өздерінің өтініші негізінде енгізіледі. Дауыс беру учаскелері мен олардың шекаралары туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 21 ақпанға дейін жариялайды. Өз учаскеңізді білу және тізімге енгізілгеніңізді тексеру үшін тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінуге болады. Егер тізімде болмасаңыз, әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз, — деді ол.
2026 жылғы 27 ақпаннан бастап дауыс беру учаскесінде әрбір азаматқа республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміндегі өз деректерін тексеру мүмкіндігі беріледі.