Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Референдум кестесі жарияланды: дауыс беру 15 наурызда өтеді
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізудің негізгі даталарын бекітті. Нәтижелер дауыс беру басталғаннан кейін жеті күн ішінде белгілі болады.
Негізгі кезеңдер:
12 ақпан – 14 наурыз – үгіт-насихат кезеңі
21 ақпан – комиссия құрамын және дауыс беру учаскелерінің шекарасын бекіту
22 ақпан – сайлаушылар тізімдерін тапсыру
27 ақпан – 4 наурыз – азаматтарды дауыс беру орны мен уақыты туралы хабардар ету
12–14 наурыз – бюллетендерді учаскелерге жеткізу
14 наурыз – тыныштық күні
15 наурыз – негізгі дауыс беру күні, сағат 07:00–20:00