Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыруға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және өзара диалогты дамытуға бағытталған кездесу өтті.

Ақп. 6, 2026 | Қаралымдар: 32

Іс-шара «Тарту, қатысу, жауапкершілік» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, жастар мен азаматтық қоғам өкілдері арасында ашық пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы оң өзгерістерге үлес қосуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу жастардың белсенділігін қолдауға және азаматтық бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.